Путинцева мен Дияс WTA рейтингінде біршама төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағы бұрынғыша румыниялық Симона Халепке бұйырды. Екінші орында даниялық Каролин Возняцки тұр, үшінші орында - Германия өкілі Анжелик Кербер.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бес саты төмендеп, 55-орынға тұрақтады. Тағы бір жерлесіміз Зарина Дияс та 5 саты төмен сырғыды. Енді ол 65-орында тұр.

Ал жұптық разрядта Галина Воскобоева бір саты төмендеп, 93-орынға орналасты.

Соңғы жаңалықтар