Путинцева Федерация Кубогының плей-офф матчында Қазақстанды алға шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - Монреальда Федерация Кубогы ІІ Әлемдік тобының алғашқы плей-офф ойынында Канада - Қазақстан матчы өтті, деп хабарлайды sports.kz .

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 31-орында) үш сетте канадалық Бьянка Андреескудан (188-інші) - 6:4, 4:6, 6:4 есебімен басым түсті.

Осы ойынның нәтижесінде Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алға шықты. Келесі болып кордқа Ярослава Шведова (51-інші) және Абанда Франсуаза (186-ыншы) шығады.

23 сәуірде, турнирдің екінші күні  екі жекелей және бір жұптық матч өтеді. 

Соңғы жаңалықтар