Путинцева Fed Cup Heart Award-2018 сыйлығына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Федерация Кубогының «Fed Cup Heart Award-2018» сыйлығына лайық деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақастан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Юлия финалда жапониялық Куруми Нарадан көп дауыс жинап, Азия және Океания аймағының бірінші тобында жеңімпаз атанды.

2009 жылдан бері Федерация Кубогының «Heart Award» сыйлығы өз елінің абыройы үшін кортта барын салып, командаға деген адалдығын танытқан әйел теннисшілерге жыл сайын беріледі.

Юлия Путинцевадан тыс, Франциядан Кристина Младенович, сербиялық Ольга Данилович және Парагвай өкілі Монсеррат Гонсалестер де осы сыйлықтың иегері болды.

Еске салсақ, Юлия Путинцева Федерация Кубогында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2017 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Юлия Путинцева Fed Cup-тың ІІ Бүкіләлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.

Айта кетейік, 2017 жылы осы сыйлықты тағы бір қазақстандық спортшы Галина Воскобоева жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар