Путин Назарбаевты Мәскеуде өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылуына шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады.

Ресей басшысы Қазақстан Президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар