+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Пульмонолог коронавирус балаларға қаншалықты қауіпті екенін айтты

2020 жылғы 14 тамыз 17:08
Бөлісіңіз:
Пульмонолог коронавирус  балаларға қаншалықты қауіпті екенін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының пульмонолог дәрігері Татьяна Маршалкина ҚазАқпарат тілшісіне коронавирус балаларға қаншалықты қауіпті екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пандемия кезеңінде ЕО елдерінде сайлау қалай өтті Таразда жұқпалы аурулардың таралуына жол бермейтін 2 фильтр бөлме ашылды Алматылық инфекционист пандемия кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді

– Татьяна Васильевна, айтыңызшы, балаларға коронавирустық инфекция қаншалықты қауіпті?

«Балалар мен жасөспірімдер ересек адамдар сияқты коронавируспен аурады. Сонымен қатар, олар инфекцияны тасымалдаушы болып табылады. Бала ағзасы бұл вирусты оңай жеңе алады. Егер балада созылмалы немесе басқада инфекциялық ауру болса, онда КВИ ауыр түрде өтуі мүмкін.

– Қолда бар деректер бойынша, ауру белгілері көбіне қарт адамдарда байқалып, оларға вирусты жеңу қиынға соғады. Бақытымызға орай, вирус балаларға олай әсер етпейді. Себебі неде?

- Кез-келген вирустың өмірлік белсенділігі жасушаға енгенде ғана білінеді. Вирус организмнен тыс жерде өмір сүре алмайды. Коронавирустың жасушаларға енуі үшін ACE2 ақуызы қажет. Дәл осы ақуыз – коронавирус инфекциясының адам жасушасына кіруіне мүмкіндік тудырады. Бұл ақуыздың белсенділігі адамның жасына байланысты екені белгілі болды. Адамның жасы неғұрлым үлкен болса, белсенділігі де жоғарылай түседі. Балалардың төменгі тыныс алу жолдарындағы ACE2 ересектерге қарағанда едәуір төмен екендігі дәлелденді.

– Балалардағы коронавирустың негізгі белгілері қандай болады?

–Коронавирус инфекциясы - бұл жедел респираторлық вирустық инфекция және оған тән ерекше симптом жоқ. СOVID-19-дың ең жиі тараған белгілеріне дене қызуының жоғарылауы, құрғақ жөтел және шаршағыштық жатады. Сирек белгілеріне буын мен бұлшықеттердегі ауру сезімі, мұрынның бітуі, бас ауруы, конъюнктивит, тамақтың ауруы, диарея, иіс және дәм сезудің жоғалуы, саусақтар мен бармақтар терісінің түсінің өзгеруі мен бөртпелерді жатқызуға болады. Бұл белгілер көбіне ересек адамдарда кездеседі. Балалардың жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді - бұл мұрын, ауыз және тамақ. Сондықтан көбінесе суық тию белгілеріне ұқсас келеді. Балаларда иіс пен дәм сезбеу сирек кездеседі.

–Жаңа туған нәрестелер үшін COVID-19 қауіпті ме?

–Жаңа туған нәрестелер де коронавирус жұқтырады. Бала кішкентай болған сайын қауіп соншалықты үлкен. Өйткені дүниеге келген сәбиде КВИ инфекциясына қарсы иммунитет жоқ. Кішкентай шақалақтарды түрлі инфекциядан анасының антиденелері қорғайды. Бірақ короновирусқа қарсы анасында антиденелер қалыптаспаған.

–Дәрігер ретінде ата-аналарға қандай кеңес берер едіңіз?

- Балалар үшін де, ересектер үшін де алдын алу шаралары бірдей: қол гигиенасын сақтау, қоғамдық орындарда, көшеде әлеуметтік қашықтықты сақтау, маска тағу. Ең бастысы балаға түсіндіру қажет. Инфекция жұқтырған балалардың көбінде ауру белгілері әлсіз білінеді, кейде білінбеуі де мүмкін. Сондықтан балаларды басқа адамдардан алыс ұстап, гигиенасы мен тазалығына мән берген жөн. Ата-аналарға айтарым баланы үйде өз бетінше емдеуге болмайды. Анитибиотиктерді тек дәрігердің рұқсатымен ғана беру қажет.

– Әңгімеңізге рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT