Пуэрто-Рикода 500 мыңға жуық адам апат салдарынан жарықсыз қалды

None
None
ГАВАНА. ҚазАқпарат - Пуэрто-Рикода аралдың астанасы Сан-Хуан маңында орналасқан Монакилос тарату қосалқы станциясындағы өрт салдарынан электр қуаты жаппай үзілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Telemundo телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарықсыз қалған өңірде миллионға жуық адам тұрады. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.

Билік орындары келеңсіз жағдайдың себептерін анықтауда.


Соңғы жаңалықтар