Пуэрто-Рико аралы маңында қайық апатқа ұшырап, 10 адам із-түзсіз жоғалды

None
None
ГАВАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-қа қарасты Пуэрто-Рико аралының солтүстік-батыс жағалауында бірнеше адам мінген қайық апатқа ұшырап, кемінде он адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат AP агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қайықтың жартастарға қатты соғылуы себеп болған. Бортта Доминикан Республикасынан барлығы 27 мигрант болуы мүмкін екені атап өтілді. Олардың кем дегенде 17-сі құтқарылып, полицияға тапсырылды. Жағалау күзеті із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар