Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

ПТР тестілеу құны арзандады - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

2021 жылғы 21 желтоқсан 16:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу құны 4,9 мың теңгеге дейін төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 желтоқсанда Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға ПТР тестілеу қызметінің құнын 6,4-тен 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті. Ұлттық сараптама орталығы 17 өңірде қызмет көрсетеді.

ПТР тест құны Алматы қаласында (Innova зертханасы) 6 мың теңгеге дейін, Атырау облысында (Interteach, Вестерн, Достар Мед Престиж) 7 мыңнан 5 мың теңгеге дейін төмендетілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан қалалық ауруханасында жасалған монополияға қарсы комплаенс аясында аталған медициналық мекеме ПТР тест бағасын 7 мыңнан 4,9 мың теңгеге дейін төмендетті.

Сонымен қатар, республика бойынша филиалдары бар ірі желілік зертханаларда COVID-19 ПТР-тестілерінің бағасы бұрынғы күйінде қалып отыр, орташа алғанда 7,4 мың теңге көлемінде.

Бұрын, агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде КДЛ «Олимп» ЖШС мен «Инвиво» ЖШС-мен қосқанда 36 нарық субъектісі 2020 жылдың қазанында бағаны 12 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, ал кейін 2021 жылдың ақпанында 7 мың теңгеге дейін төмендетті.

2022 жылдың бірінші тоқсанында агенттік бәсекелестік деңгейін анықтау, доминанттарды анықтау және қызметтердің бағасын зерттеу мақсатында COVID-19-ды анықтайтын ПТР тестілеу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жасауды жоспарлап отыр.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары