ПТР тест бағасына қатысты заң бұзушылық анықталған жағдайда қандай шара қолданылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ПТР тест бағасына қатысты заң бұзушылық анықталған жағдайда компанияның бір жыл бойғы жалпы кіріс мөлшерінің 5%-ын айыппұл ретінде ұстап қалады. Бұл туралы «Kun.kz» сайтында «ЖҚҚ, ПТР диагностикасы және дәрі-дәрмектер нарығында баға белгілеу» тақырыбында онлайн форматта өткен пікірталаста айтылды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ПТР диагностикасы нарығында тесттің құны әртүрлі. 10 мың – 18 мың теңге аралығында. Бұл бағаларға қатысты бірқатар сұрақ туындайды. Осы жағдайда біз ПТР диагностикасы нарығына не ұсынғымыз келетінін, тексеру жұмыстарын жүргізген жағдайда оның нәтижесі қандай болатынын айтып өтейін. ПТР тест бағасына қатысты заң бұзушылық анықталған жағдайда компанияның бір жыл бойғы жалпы кіріс мөлшерінің 5%-ын айыппұл ретінде ұстап қаламыз. Сондай-ақ, компания бағаны көтеру арқылы алған монополиялық кірісті де ұстап қаламыз», - дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Ол ПТР диагностикасы нарығына қатысушыларға келісімге келуді ұсынатынын айтты.

«ПТР диагностикасы нарығындағы барлық компанияны монополияға қарсы комплаенс актісін жазуды ұсынамыз. Бұл ҚР Кәсіпкерлік кодексінде бар. Компания монополияға қарсы комплаенс актісіне бәсекелестікке қатысты ұстанымдарын жазады, ал біз ол актіні бекітеміз. Компания көрсетілетін қызмет түрінің құны не себепті осындай екенін дәлелдеу үшін кіріс, шығыс мөлшерін ашық көрсетуі керек. Алдағы аптада осындай келісімге келуді жоспарлап отырмыз. Біздің жұмысымыздың негізгі құралы осы болмақ. Осы ұсыныстан бас тартқан жағдайда компанияға тексеру жұмысын жүргізуді қолға аламыз. Негізі біздің міндет – жазалау емес, біздің міндет – мейлінше көп адамды ПТР тесттен өткізу. Өткендердің 55%-ы өз қаражаты есебінен, ал 45%-ы МӘМС есебінен төлеуде», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар