+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

ПТР анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызуға тыйым салу тек шетелдіктерге қатысты - Үкімет

2020 жылғы 27 қазан 16:12
Бөлісіңіз:
ПТР анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызуға тыйым салу тек шетелдіктерге қатысты - Үкімет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВАК-тың Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Авиациялық қауіпсіздік саласында кейбір нормативтік құқықтық актілер өзгерді

ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар.
Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.
ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT