ПТР анықтамасы жоқ 6 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне тыйым салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия мәлім етті.

Павлодар облысының аумағында мемлекеттік шекараның 4 автомобильді бақылау бекетінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасып жатыр.

Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і - жаяу және 395-і - жүк көлігінің жүргізушісі. 6 адам карантин стационарына орналастырылған.

Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19-дың расталған жағдайлары тіркелмеген.

Алайда ТМД-ның алты азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келгеніне байланысты елге кіруіне тыйым салынды.

Оның екеуі - Қырғызстан, төртеуі - Ресей Федерациясының азаматтары.

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Павлодар облысына 77 724 адам келген.

Анықтамасыз келген 2475 Қазақстан Республикасының азаматтары карантин стационарына ПТР тексеруден өту мақсатында орналастырылған.

Індеттің симптомсыз 144 жағдайы анықталған.


Соңғы жаңалықтар