ПТР әдісімен коронавирусқа ақылы тест жасату құны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ұлттық сараптама орталығы» жеке тұлғалар үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен Сovid-19 коронавирус инфекциясын тестілеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тестілеу Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық сараптама орталығының филиалдарында жүргізіледі.

ПТР әдісімен Covid-2019 тестінің құны 11 500 теңге. Зерттеу үшін биоматериал ретінде мұрын қуысы мен жұтқыншақ жағындысы қолданылады.

Тест нәтижесі 12 сағаттан 24 сағатқа дейінгі аралықта беріледі. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына әуе тасымалы арқылы сапарларын жоспарлаған азаматтар ұшу күнінен кемінде 2 күн бұрын тестілеуден өтуі қажет. Covid-2019 жұқпасының болмауы туралы анықтама алған күннен бастап 7 күнге жарамды болады. Тест нәтижелері анализ тапсырған жерден беріледі.

Тестілеуден өту үшін азаматтар жеке мәліметтерді толтырып, алдын ала nce.kz сайтында тіркелуі қажет.

Сонымен қатар, филиалдарға барған кезде медициналық бетперденің болуы, қауіпсіз қашықтықты сақтауы және белгіленген уақыттан кешікпеуі қажет керек.

Талдауды қабылдау аптасына 7 күн, сағат 8.30-дан 16.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар