Псков түбінде жүргізуші екі жасар қызын анасының көз алдында көлікпен басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Псков облысында екі жасар қыз бала өз әкесінің жол талғамайтын көлігі дөңгелегінің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды «Газета.Ru».

Тергеу нұсқасы бойынша Печора ауданындағы орман сілемінде 40 жастағы ер адам джиппен екі жасар қызын басып кетті. Бүлдіршін алған жарақаттарынан көз жұмды.

РФ ҚК-нің 109-бабының 1-бөлімімен (абайсызда адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды.

«Псков жаңалықтар лентасының» атап өтуінше, Псков облысына Санкт-Петербордан демалу үшін екі баласы бар отбасы келген. 8 жасар ұл мен 2 жасар қыз баланың ата-анасы саңырауқұлақ жинамақ болған. Оқиға ер адамның балаларының қайда жүргенін анықтамай, көлігін тұраққа қоймақшы болғанда орын алған. Салдарынан жүргізуші көлік дөңгелегінің жанында ойнап жүрген қыз баланы басып кетті.

Соңғы жаңалықтар