+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Психологтар: «Маша мен аю» - балалар үшін ең қауіпті мультфильм

2016 жылғы 31 қазан 07:15
Бөлісіңіз:
Психологтар: «Маша мен аю»  - балалар үшін ең қауіпті мультфильм

АСТАНА. ҚазАқпарат - Психологтар балалар үшін ең қауіпті мультфильмдердің тізімін жасады. Мамандар бала экрандағы болып жатқан жайға сеніммен қарайтынын басты назарға алды. Сонымен бірге олар сол кейіпкерлерге жиі ұқсағысы келетінін, балалар үшін ол өмірдегі адам ба, әлде қиялдағы персонаж ба, бәрібір екенін алға тартуда.

Мамандардың пікірінше, «Маша мен аю» мультфильмі балалар үшін ең қауіпті болып саналады. Себебі мультфильмдегі Маша қыз ерке әрі тәртіпсіз. Ойындағысын орындамай қоймайтын шолжаң.

Екінші орында - америкалық «Монстр Хай» мультфильмі. Бұл мультфильмде жаргон сөздер көп болғандықтан ол баланың тіліне, сөздік қорына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Үшінші орында - «Губка боб», психологтардың пікірінше, мультфильмнің басты кейіпкері жанжалға өте бейім. Боб үнемі достарына қарсы шығып, олармен дауласып жүреді.

Келесі орынға мамандар «Том мен Джерри» мультфильмін қойып отыр. Психологтар мультфильмде тышқан ылғи Том мысықты қорлап, мұқататынын, ал мысық болса одан бар ашуын алатынын айтады.

Мамандар ата-аналарға балалары көретін мультфильмдерге назар аударып, егер ол жағымсыз болса, көрсетпеген дұрыс деген кеңес береді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT