+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Психолог коронавирус адамның эмоционалды жағдайына қалай әсер ететінін айтты

2020 жылғы 3 желтоқсан 14:29
Бөлісіңіз:
Психолог коронавирус адамның эмоционалды жағдайына қалай әсер ететінін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Кез келген ауру адамның эмоционалдық жағдайына әсер етеді. Осы кезде жағымсыз эмоцияға жол бермеу керек, керісінше көңіл күйді түсірмеуге тырысу қажет. Тек сонда ғана ауруды жеңіп шығуға болады. Бұл туралы белгілі алматылық психолог Наталья Санарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

– Қазір адамдар да коронавирус жұқтырып алам ба, деген үрей пайда болды, оны қалай жеңуге болады?

– Біріншіден, біздің миымыз ойымызды шындық ретінде қабылдайды, ал егер ауру туралы ойласақ, онда оның өмірде пайда болу мүмкіндігін арттырамыз.

Екіншіден, бізді аурудың қауіптілігімен қорқытып тастады. Өлімге әкелетін індет деді. Сәйкесінше, бұл адамның психикасына әсер етті.

Үшіншіден, біздің қоғамда эмоцияны жасыру, елемеу немесе басқаларды кінәлау, ауыр сөздер айту дәстүрге айналған. Бұл көмектеспейді. Сондықтан біздің эмоциямыз ауру арқылы шығады.

Төртіншіден, пандемияға байланысты адамдарда генетикалық қорқыныш күшейе бастады. Бұрын біздің ата-бабаларымыз да осындай катаклизмдерді бастан өткерген. ХХ ғасырдың эпидемиялары, содан кейін соғыс, көптеген ауыр аурулар болған. Әрқашан мұның шешімі бар екенің, оның уақытша қиындық екенін түсіну керек.

Күйзеліске ұшыраған адам міндетті түрде жақынымен сөйлесіп, ішіндегісін шығару керек. Бұл өте маңызды. Немесе ойыңыздағының бәрін қағазға жазыңыз. Әрине, стресс иммундық жүйеге көмектеспейді. Бірақ, сіз миыңызды тыныштандыра аласыз. Қазіргі уақытта дәрігерлер коронавируспен күресудің жолдарын біледі. Сондықтан, ауырып қалсаңыз да, дәрігерлерге сеніп, емделуіңіз керек. Қаншалықты эмоцияға берілсеңіз, соғұрлым денсаулығыңызға зиян келтіресіз.

– Арудан қалай қорғануға болады?

- Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз. Адам көп шоғырланатын жерлерге барудан бас тартыңыз. Егер сіздің бойыңызды қорқыныш билесе, қолыңызға қағаз бен қалам алып әрекеттеріңізді жазыңыз, сонда ми тынышталады. Індет жұқтырған науқаста қорқыныш, ашу, үрей пайда болады. Менің ойымша, сіз ауырып қалсаңыз да, «менің басты міндетім – дәрігерге қаралу, анализдерді уақытында тапсыру, рецептсіз ешқандай дәрі ішпеу»,– деген ойда болу керек.

- Коронавирус инфекциясын балаға қалай дұрыс түсіндіруге болады?

- Балаға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіріңіз. Мысалы, қолды жиі жуу керектігін, қонаққа баруға болмайтынын айту қажет. Балаларға асықпай, қарапайым тілмен жеткізу керек. Сонда айтқаныңызды істейді. Аурудың адам өміріне қауіпті екенін балаға айтудың қажеті жоқ.

– Әңгімеңізге рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT