Психикалық ұйымға емдеуге жіберілмейтін аурулар тізбесі жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы жарияланды. Құжат Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкінде орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған бұйрыққа сәйкес, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға жіберілмейтін психикалық белсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты медициналық қарсы көрсетілімдердің тізімі; психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидалары бекітіледі. Пихикалық белсенді затты тұтыну фактісін және мас болу күйін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидалары; жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдар үшін медициналық куәландыру және жынысты ауыстыруды жүргізу тәртібі нақтыланады. Мұнан бөлек, сот қаулысы бойынша мерзімінен бұрын емделді деп шығарылғандардан басқа денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетудің мәжбүрлі емдеуге арналған ұйымнан шығарылғаннан кейін мәжбүрлі емдеуге ұшыраған адамдардың қолдаушы емдеуден өту қағидалары бекітіледі.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Асқар Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
- Андрей Лукин еліміздегі ломбардтар талаптарды орындамай отырғанын айтты
- Ажар Ғиният Ақтөбе облысындағы перзентханалардың жұмысымен танысты
- Коронавирустан емделіп жатқан 274 пациенттің жағдайы ауыр
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
-
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма: Министрлік жауабы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам