+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты

2021 жылғы 27 қазан 18:34
Бөлісіңіз:
Психикалық ауытқуы бар: Таразда ер адам ойнап жүрген баланы соққыға жықты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда ер адам көшеде ойнап жүрген кішкентай баланы соққыға жықты. Бақылау камераларына түсіп қалған видео әлеуметтік желілерге тарап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сауда орталығындағы субұрқаққа секірген елордалық ұсталды АҚШ-та ер адам ұшақ орнынан қозғала берген сәтте секіріп кетті Алматыда адамды автокөлік төбесіне отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды

Видеода ер адамның самокат теуіп келе жатқан баланы ұрғанын көруге болады. Соққының салдарынан бала асфальтқа шалқасынан құлайды. Орнынан тұрмақ болған баланы тебуге тырысты.

Полиция департаментінің мәліметінше, Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы «Инвиво» медициналық клиникасының жанында белгісіз адамның кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Кәмелетке толмаған балаға сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ал, күдікті сот-психиатриялық сараптама тағайындалу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT