Психиатриялық орталықтан қашқан үш жасөспірімнің бірі табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда психиатриялық орталықтан қашып кеткен үш жасөспірімнің бірі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 жастағы Маргарита Козлова туысқандарының үйінде болған екен.

«14 жастағы қыз табылды. Ол отбасы бар бала. Анасы келіп, барлық мəселені талқыладық. Қыздың денсаулығы жақсы, дін аман. Оны орталықтан шығардық. Ал балалар үйлерінің қалған екі тəрбиеленушісі əлі табылмай жатыр»,- деді Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы бас директорының орынбасары Қуаныш Алтынбеков.

Алматы орталығында орналасқан Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығынан үш жасөспірім қашып кеткенін  хабарлаған болатынбыз.

13,14 және 16 жастағы балалар сәрсенбі күні тəрбиешінің назары басқаға ауғанын пайдаланып, терезе арқылы қашып кеткен.

Аурухана өкілдерінің айтуынша, балалардың симптоматикасында  дромомания белгілері байқалған. Яғни, үйден қашып кетуге, кезбелікке бейімділік.

Ал орталықтың медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ажар Әбееваның айтуынша, аталған дерек бойынша ішкі тексеру жүріп жатыр.

«Клиникалық протоколдан негізсіз ауытқу дерегі болды ма, әлде қызметкерлер тарапынан өз міндетін атқаруда өзге кемшіліктер жіберілді ме, сол мәселелер қаралады. Осы тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда сәйкесінше шара қабылданады. Бұл жағдайда ішкі тәртіп бұзылған. Менің ойымша, тәрбиешінің назарын әдейі басқаға бұрып, ұрымтал тұсты пайдаланған жасөспірімдер шығып кеткен. Балалардың бірі инициатор болып, қалғаны оның артынан еріп кетуі мүмкін», - деді Ажар Әбеева.  

Соңғы жаңалықтар