Протвино қаласындағы компьютер байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Протвино (Ресейдің Мәскеу облысы) ғылыми қаласындағы компьютерлік шығармашылық байқауында елордалық оқушылар 18 жүлде алды.

Байқау 17-ші «Компьютерлік физика-2013» Ашық Халықаралық турнирі аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана дарыны» ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті.

Компьютерлік шығармашылық байқауына Астананың білім беру мекемелерінен қазылар алқасының назарына 18 ғылыми жобаларын ұсынған 33 мектеп оқушысы қатысты. Осы жобалардың әрқайсысы жүлдеге (9 бірінші және 9 екінші орын) ие болды.

Аталған жарыстың соңында «Астана дарыны» командасы ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Негізгі физика» кафедрасының доценті Кравцов Андрей Витальевичпен кездесті. Кездесу барысында оқушылардың зерттеулеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар