Протон зымырандары 2022 жылдан кейін өндірілмейді

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - М. В. Хруничев атындағы Ресей мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік орталығы «Протон» зымырантасығыштарын өндіруді 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хруничев орталығы кіретін «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша, «Протон-М» ауыр класты зымыран тасымалдағыштарды ұшырудың жоспарланған бағдарламасы аясында төрт зымыран жасау қалды.

Қазіргі уақытта «Протон-М» он тасымалдағыш зымыран сақтауда тұр. 2022 жылы соңғы төрт зымыранды дайындау жоспарланып отыр.

Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон» ғарыш зымыран кешенін пайдалану 1965 жылы басталды.

Статистикаға сәйкес, бүгінгі күні әртүрлі конфигурацияларда 426 «протон» ұшырылды.

Олардың негізгісі - «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышы.


Соңғы жаңалықтар