«Протон» зымыран-тасығышының апаты қозғалтқыштың істен шығуынан орын алуы мүмкін - В. Божко

None
None
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Байқоңырда орын алған «Протон» зымыранының апаты бірінші сатыдағы қозғалтқыштың істен шығуынан орын алуы ықтимал.

Бұл туралы Үкіметте Премьер-Министр Серік Ахметовтің жетекшілігімен өткен шұғыл отырыста Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

«ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышының бүгін, жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апатты құлау ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды», - деді В. Божко.

Еске сала кетейік, Үкімет басшысының жетекшілігімен өткен шұғыл кеңесте Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев оқиға орнында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жедел шаралар туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар