«Протон-М» зымыран-тасығыштарының барлық қозғалтқыштары зауытқа қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Роскосмос «Протон-М» зымыран-тасығыштарының бірінші және екінші сатысындағы барлық қозғалтқыштарынВоронеж механикалық зауытына кері қайтарып алды. 

Бұл, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру мерзіміне әсер етуі мүмкін, деп жазды РБК.

«Коммерсантъ» басылымының хабарлауынша, «Протон-М» зымыран-тасығышының екінші сатыдағы сұйықтықты қозғалтқыштарының біріне жүргізілген сынақ барысында проблемалар туындаған. Атап айтқанда,  құрастыру кезінде қымбат металдары бар материалдардың орнына ыстыққа төзімсіз компоненттер қолданылған. Салдарынан соңғы жылдары шығарылған барлық қозғалтқыштарды өндіріс орнына - Воронеж механикалық зауытына қайтару туралы шешім қабылданды.

Аталған оқиғаға Федералды қауіпсіздік қызметі мен Тергеу комитеті қызығушылық танытып үлгерді. Олар құжат бойынша дұрыс деп көрсетілген қозғалтқыш материалының қалай ауысып кеткенін анықтауда. 

Басылым ондаған қозғалтқыштардың кері қайтарылуы Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандардың ұшырылымына әсер етуі мүмкіндігін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар