Проректор Сәуле Рахметуллина: Кезектен тыс сайлау - кезекті бір белес

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ұжымы 9 маусымда өтетін кезектен Президент сайлауында өз таңдауын білдіруге дайын. Бұл туралы білім ордасының проректоры Сәуле Рахметуллина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының үндеуі көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Бұл шешімі арқылы ол ел мүддесін әрқашан бірінші орында ұстайтынын көрсетті», - дейді Сәуле Рахметуллина.

Ғалымның ойынша, кезектен тыс сайлау ел дамуындағы жаңа белес болмақ.

«Президент өз үндеуінде Қазақстан халқы тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқанын атады. Халық өз басшысын өзі таңдауы керек. Бұл - демократия принципі. Сондықтан, қазіргі Президент орынды шешім қабылдап отыр. Бұл сайлау - дамудың жаңа бір белесі. Оған халықтың бір кісідей атсалысуы өте маңызды. Университет ұжымы өзінің азаматтық таңдауын білдіруге дайын. Сайлаудың өтетіні анық еді. Оның мерзімі белгіленуі жақын болашақты айқындап берді», - дейді проректор.

Сәуле Рахметуллина мемлекет басшысының алдағы сайлаудың әділ өтетініне кепілдік беруі ұстаздар қауымының көңілін жайландырғанын айтады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылық сақталатынын ескертті. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Дамудың даңғылына түскен жас мемлекетіміздің алдында аяғын күтіп тұрған ірі жобалар мен бағдарламалар бар. Соның бәрі біз күткен жемісін беруі үшін тұрақтылық қажет. Бізге де керегі сол», - дейді С.Рахметуллина.

Соңғы жаңалықтар