Прокурорлардың көмегімен мемлекетке 850 млн теңгенің мүлкі қайтарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында прокурорлар Түлкібас ауданындағы су жүйелерін жалға беру жұмыстарына тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру нәтижесінде Кемербастау ауылдық округі мен Түлкібас кентінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталып, мемлекетке 850 млн теңгенің мүлкі қайтарылды.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдық округ пен кент әкімдері аталған коммуналдық меншіктерді 2014 жылы «Ел ынтымағы» ЖШС-не жалға берген. Алайда бұл келісімшарттар «Мемлекеттік мүлік туралы» заң мен Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесіне қайшы келген. Яғни, әкімдер ашық тендерлер өткізбестен,  келсімшарттар жасасқан.

Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша заңсыз жасалған келісім-шарттар бұзылып, 850,6 млн  теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне өтті. Себебі,  Кемербастау ауылдық округінің су құбыры жүйелерінің баланстық құны 205,5 млн, Түлкібас кентінің 645,1 млн теңге тұрады.

Соңғы жаңалықтар