Прокурорлар атыраулық оқушылардың оқулықтар алуына көмектесті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Жылыой ауданында оқушылар прокуратураның актісінен кейін оқулықтармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

«Атырау облысының Жылыой ауданындағы 20 мектепте 2016-2017 оқу жылындағы оқулықтар саны 653 мың 337-ні құрады. Алайда оқу процесін толықтай қамтамасыз ету үшін тағы 9026 оқулық қажет еді. Аталған оқулықтардың 7026-ы оқу бағдарламасынан шығып қалған ескі оқулықтармен алмастырылған. Осылай болған күннің өзінде тағы 2 мың оқулық жетіспеді. Кейбір ата-аналар оқулықтардың бірқатарын өз ақшаларына сатып алуға мәжбүр болған. Бұл әрине, олар тарапынан наразылық тудырған еді. Осыған байланысты жағдайға аудан прокуратурасы араласып, бюджеттен қосымша 153 млн теңге бөлінуіне ықпал етті және оған жаңа оқулықтар сатып алынды»,-деді Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жылыой ауданындағы мектептерде оқулықтардың жетіспеушілігімен байланысты жағдайға прокуратура өкілдері оқушылар санына сапасыз болжам жасалды деген баға берді және оқулықтардың сатып алуда қосымша тетіктерді іске қосу шарасы қолға алынбаған. Осы кезде ауданда оқулықтардық жеткіліксіздігімен байланысты мәселе шешімін тапты.

Соңғы жаңалықтар