Прокурорға пара берген ақтөбелік директор 22,5 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан пара бергені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша із қозғалып, жүйке ауруына шалдыққандарды емдейтін интернат үйінің директоры Клава Пан сот алдында жауап берді. Ол прокурор тексерісінің еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етпек болған. Іс келісім бойынша қысқартылған тәртіпте өтті.

Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында үкім шықты.

«Клава Пан Қылмыстық кодекстің «Пара беру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 1,5 миллион теңгені 15 еселенген түрінде, яғни, 22,5 миллион теңге етіп қайтару жазасы тағайындалсын», - деді судья Айнұр Бекмұхамбетова.

Айта кетейік, сотталушы Клава Пан «Шапағат» медалінен де айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар