Прокурор өліміне күдікті ұсталды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Баткенде облыстық прокурор Анарбай Масажақыповтың өліміне күдікті ұсталды. Ол осы қала мэрінің қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Кабар агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

 Ведомоствоның деректеріне қарағанда, алдымен күдікті ұсталған, содан кейін ғана прокурордың өлгені анықталған.

Ол Lexus рулінде болған, машинаны прокатқа алып, өзінің таныс прокурорымен кездескен. Сол күні екеуін бірге көрген куәгерлер бар. Сондай-ақ прокуратура қызметкерлері де байқаған. Шенеунік мас болған. Қадағалау органдарының қызметкерлері одан әріптесінің қайда екендігін сұрағанда, ештеңе білмейтіндігін айтқан. Бұдан соң шақырылған милиция машинадан қанның ізін тапты.

«Сол заматта барлық қызметкерлер дабылмен көтерілді. Анықталғандай, күдікті тауға, су қоймасы аумағына барған. Осы бағыт бойынша іздеу жүргізіліп, прокурордың өлі денесі табылды. Оны пышақтаған және атқан. Бұл - аса ауыр қылмыс», - деді министрліктен.

 

Соңғы жаңалықтар