Прокурор Ерлан Біләлға 90 млн теңге айыппұл салуды сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының экс-директоры Ерлан Біләлға қатысты сот талқылауында прокурор 90 млн теңге айыппұл салуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Біләлдан алған парасынан 60 есе көп айыппұл, яғни 90 млн теңге өндіріп алуды сұрады. Прокурор сонымен қатар, оны барлық мемлекеттік марапаттарынан айыру қажеттігін жеткізді.  

Ерлан Біләлдің қорғаушылары Қылмыстық кодекстің 65-бабына сілтеме жасай отырып (кінәсіне өкіну-ред), айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды немесе прокурор сұраған айппұл көлемін азайтуды сұрады. Адвокаттар қорғауындағы адамның 4 баласы, оның екеуі кәмелет жасқа толмағанын, асырауында немересі бар екенін алға тартты.

Ерлан Біләлдің өзі сотқа үкім шығарарда оның денсаулығының нашарлығын және кінәсін толық мойындағанын ескеруді, мүмкін болса, бас бостандығынан айырмай, айыппұл көлемін азайтуды сұрады.

«Сезам» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті Қайрат Баяновтың адвокаты қорғауындағы азаматтың материалдық шығынға қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін, өйткені барлық қаражат өтелгенін жеткізді. Дегенмен, Қайрат Баянов келтірілген моральдық залал үшін 1 млн теңге талап ететінін жеткізді, бірақ оған Ерлан Біләлді қорғаушы тарап қарсы шықты. Бұл мәселеге қатыстың соттың ұстанымы үкім шыққанда белгілі болмақ.

Айта кетейік, тергеушілердің мәліметі бойынша, Ерлан Біләл «Сезам» театрының жетекшісі Қайрат Баянов 1,5 млн теңге пара талап еткен. Ол 2018 жылдың 2 қаңтарында 600 мың теңге алған, 4 қаңтарда параның қалған бөлігін 900 мың теңгені алып жатқанында қолға түсті. 

Соңғы жаңалықтар