Прокурор бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісін 2,5 жылға соттауды сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда прокурор бойжеткенді қағып өлтірген №126 автобус жүргізушісін 2 жыл 5 айға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі Әуезов аудандық сотында жүріп жатыр.

«Сізден сотталушыны ҚР ҚК 345-бабының, 3-бөлігімен айыпты деп танып, 2 жыл 5 айға бас бостандығынан,  5 жылға көлік айдау құқығынан айыруды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетейік, автобус жүргізушісінің қорғаушысы Әлім Мұстапаев судьядан оны шартты түрде жазалауды сұраған еді.

«Менің қорғауымдағы адамның үш баласы, әйелі бар. Жалдамалы пәтерде тұрады. Олар жапа шеккен тараппен келісімге келді. Моральдық, материалдық шығынды өтеді. Оны шартты түрде соттауыңызды сұраймын», - деді қорғаушы.

Жол апаты биыл 18 сәуір күні Сайран вокзалының маңында болған еді. 24 жастағы бойжеткенді №126 автобус жүргізушісі тура қиылыста қағып кеткен. Соққыдан қыз біршама жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.   

Соңғы жаңалықтар