Прокуратураның ықпалымен жұмысшылардың 40 млн теңге еңбекақысы қайтарылды - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Түрксіб ауданы прокуратурасының араласуымен жұмысшылардың жалақысы қайтарылды. Атап айтқанда, «S» ЖШС 130 жұмыскеріне 2016 жылдың басынан бергі 40 млн теңгедей берешегін қайтарды.

Қалған созылмалы қарыздары бар жекелеген кәсіпорындарға қатысты шұғыл шаралар қолданылмақ.
ҚР Конституциясымен кепілдендірілген еңбек құқықтарын қорғау мақсатына азаматтардың еңбекақысын толық және дер кезінде төленуін қадағалауға бағытталған жұмысты белсенді атқарып жатыр.

«Жергілікті орындаушы және мемлекеттік өкілетті органдармен бірге құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарылды. 2015 жылдың қараша және 2016 жылдың қаңтар айларында аудан ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңестерде жалақыны уақытылы төлеуге және мәселені дер кезінде шешуге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету - прокурорлық бақылаудың басты бағыттарының бірі. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты жүргізілуде», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар