Прокуратураның араласуымен заңсыз ұсталғандар босатылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық ішкі істер басқармасы кабинеттерінде азаматтарды заңмен белгіленген мерзімнен тыс ұстау фактісі анықталды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокуратурасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, қарашаның 11-інде аталмыш басқарманың өкілетті қызметкері Р.Нұғманов қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Д.Тургаев пен Н.Кособуцкийді кабинетінде сегіз сағаттан астам уақыт бойы ұстаған. Бұл азаматтар Орал қаласы прокуратурасы қызметкерлерінің араласуымен босатылған.

Осыған орай қала прокуратурасы тарапынан БҚО ішкі істер департаментіне аталған кемшілікті жою, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым берілді.

Соңғы жаңалықтар