Прокуратураның араласуымен 4,7 млн. теңгеден астам жалақы берешегі өтелді - БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО Бөкей ордасы ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу барысында «Бөкей ордасы ветеринарлық стансасы» МКҚК қызметкерлеріне уақтылы жалақы төленбегендігін анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудандық ветеринарлық стансасында 50 қызметкерге биылғы қаңтар, ақпан айлары үшін 4 727 453 теңге еңбекақы төленбеген.

Аудан прокуратурасының заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым беруі нәтижесінде жалақы берешегі толық өтелді.

Соңғы жаңалықтар