Прокуратура Семейдегі су тасқынына тексеру жүргізуде

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысынң әкімі Даниал Ахметов Ертіс бассейні инспециясының басшылығын жұмысқа салғырт қарағаны үшін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Себебі, Шүльбі ГЭС-інінен секундына жіберілуі тиіс 500 текше метр судың мөлшері 1800-ге дейін арттырған.

Соның салдарынан Түйемойнақ аралы ауданындағы 10 үй мен бірнеше кент пен саяжай су астында алды.

Шүлбі ГЭС-індегі су ағынының молайу деңгейі жергілікті атқарушы билікпен келісілмегендіктен қазір жауапты мамандардан жауап алынып жатыр. Осы іске байланысты прокуратура тексеру жұмыстарын жүгізіп жатыр.

«Біз бұл істі нақты тексереміз. 7 наурызда біз қалалар мен аудандардың барлық әкімдерінің, уәкілетті мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізгенбіз. Онда мұндай жағдайдың болмауы үшін талдау және қадағалау жұмыстарын пысықтаған едік. Біз нақты, субъективті себептер мен адам факторын анықтауға тырысамыз. Қазіргі кезде, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланатын аудандарда тексеру жүргізілуде», - деді облыс прокуроры Құсайын Игембаев.

Облыс басшысының төрағалығымен өткен кездесуде Ертіс бассейндік инспекциясының басшысы Қазымбек Баймағамбетов 28 наурыз күні су деңгейінің мөлшерден асқанын растады.

«23 наурыз бен 26 наурыз аралығында қар аралас жаңбыр жауып, өзеннің суы молайды. Су деңгейі апатты шамаға жеткендіктен, бөген қауіпсіздігі үшін суды көптеп жіберуге мәжбүр болдық» , - деді Қазымбек Баймағамбетов.

Даниал Ахметов ведомство мамандарының бір ай бойы қамсыз жүргенін сынға алды.

«Шүлбі ГЭС-інен наурыздың 1-і күні 501 метр3, содан 503, 503, 547, 631,661, 684, 720 және осылайша жалғаса келе 27-інші наурызда үш есе көтереліп, 1200 м3-ке шыққан. 28 наурыз күні секундына су 1800 м3-ге көтеріліп кеткен. Шүлбі ГЭС-індегі су бақылаусыз қалғандықтан, әрі сонау наурыздың 1-нен есепке алынбағандықтан ғана осындай жағдай орын алып отыр» ,-деді аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта Бесқарағай ауданына қарасты 11 ауылдық округке қауіп төніп тұр. Яғни, Старая крепость, Стеклянка, Глуховка, Бірлік және Белокаменка ауылдары. Мұнда тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп, су арналары мен көшелер тазартылды.

Соңғы жаңалықтар