Прокуратура органдарына сайлауға қатысты 20 өтініш түсті - Болат Дембаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокуратура органдарына сайлауға қатысты 20 өтініш келіп түсті. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Прокуратура органдары сайлау процесінің әр кезеңінде заңнаманың сақталуына қадағалау жүргізді. Сайлау комиссиялары, мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір заң бұзушылық тіркелмеді. Қылмыстық құқық бұзу жағдайлары тіркелмеді. Алайда талаптарды бұзу оқиғалары анықталғанын айта кеткен жөн. Бұқаралық ақпарат құралында сайлау бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу шартын бұзудың бір фактісі, үгіт-насихат материалын бүлдірудің екі фактісі, заңсыз үгіт-насихаттың 10 жағдайы тіркелді. Осылар бойынша прокуратура органдары әкімшілік іс қозғады. Бұл тұрғыда 13 адам жауапкершілікке тартылды», - деді Б. Дембаев.

Оның айтуынша, үгіт-насихат материалын бүлдіргені үшін елорданың бір тұрғыны мен Ақтау қаласындағы бір адам 15 АЕК сомасында айыппұл түрінде жазаға тартылды.

Б. Дембаев прокуратура органдарына келіп түскен өтінімдер ерекше қадағалауда екенін атап өтті.

«Жалпы прокуратура органдарына сайлау бойынша 20 өтініш келіп түсті. Олардың барлығы заңнамада бекітілген мерзімде қаралды. Азаматтар көбінесе сайлау комиссиясы, мәслихаттар мен әкімдіктер құзыретіндегі мәселелер бойынша жүгінген. Осыған байланысты 10 өтініш оларға қайта жолданды, ал тоғызы бойынша түсініктеме берілді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар