Прокуратура қылмыс жасаған шетелдіктерді қылмыстық жазаға тарту үшін өз еліне беру туралы жұмыстарды жалғастыруда

None
None
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ҚР Бас прокуратурасы қылмыс жасаған шетел азаматтарын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оларды шетелге беру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәселен, Ресей Федерациясының азаматы Николай Валетов Қырғыз Республикасы құқық қорғау органдарының өкілдеріне берілді. 59 жастағы ресейлікті қырғыз билігі тонау, кісі өлтіру және бас бостандығынан айыру мекемесінен қашқандығы үшін (Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 97, 168 және 336 баптары), сонымен қатар, 2005 жылғы 16 наурыздағы Шу облыстық сотының әкімшілік және қылмыстық істер алқасының үкімін орындау үшін іздестірген.

Сондай-ақ Қазақстанның Бас прокуратурасы 45 жастағы Владимир Ануприевті кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында (Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабы) беру туралы Қырғызстанның қолдау хатын және қарақшылық шабуыл жасаған (Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 164-бабы) 30 жастағы Хабибулло Рустамовты 2003 жылғы 5 тамыздағы Әндіжан қалалық сотының үкімін және 2011 жылғы 26 қазандағы Әндіжан қалалық сотының қылмыстық іс бойынша сот ұйғарымын орындау жөніндегі Өзбекстан Бас прокуратурасының қолдау хатын қанағаттандырды.

«Бұл азаматтарды көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өкілдеріне беруді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жүзеге асырады», - делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар