+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Прокуратура қазақстандықтарға үндеу жариялады

2020 жылғы 28 ақпан 22:20
Бөлісіңіз:
Прокуратура қазақстандықтарға үндеу жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

***

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

Құрметті азаматтар!

Әлеуметтік желілерде заңсыз наразылық акцияларын өткізуге шақырулар таратылуда.

Бұл ретте шындыққа жанаспайтын, оның ішінде әлеуметтік және ұлттық алауыздық пен араздықты қоздыру белгілерімен ақпараттар орналастырылуда.

Заңсыз көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соқтыратынын еске саламыз.

Осы әрекеттермен азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша жауаптылық көзделген.

Әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыру, көрінеу жалған ақпарат таратуға жария түрде шақыру заңмен тыйым салынған және мұндай әрекеттер қылмыстық тәртіпте қудаланатынына назар аударамыз (ҚК 174 және 274-баптары).

Осыған байланысты, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Бас прокуратура азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, құқыққа қарсы ақпаратты таратудан және заңсыз жария акцияларға қатысудан тартынуға шақырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Бас прокуратурасы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT