Прокуратура кәсіпкерлерді жауапқа тарту туралы 28 мың шешімнің күшін жойды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасы бизнесті қорғау жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамовтың айтуынша, Алматы қаласында прокуратура қызметкерлері мораторий кезеңінде мониторинг пен талдау жүргізу арқылы екі мыңға жуық заңсыз тексерудің алдын алды.

Соның ішінде жұмыспен қамту орталығының заңсыз тексеру жүргізіп жатқан жерінен 112 рет ұсталғанын атап өтті.

«Орталық «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттардың мақсатты пайдаланылуын қадағалау дегенді ілік етіп, іс жүзінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 112 тексеру жүргізген. Тағы алда жоспарланған осындай 1,2 мың тексеру шарасын өткізу алдын ала тоқтатылды. Сондай-ақ 800-ден астам жеке балабақшаға барып, құжаттарын тексеру жөніндегі жоспардың күші жойылды», - қала прокурорының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар жоспарлаған 18 тексерудің күші жойылды.

«Қалалық прокуратура мемлекеттік органдардың 300 миллион теңге шамасында салынған айыппұлдары бойынша 28 мыңнан астам кәсіпкерді әкімшілік жауапқа тарту туралы шешімнің күшін жойды. Жалпы 34 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалады», - дейді Берік Адамов.


Соңғы жаңалықтар