Прокуратура ішкі аудит департаментінің қызметінен кемшіліктер анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда прокуратурасы Астана қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметінде әкімшілік заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылы департамент мемлекеттік мекемелердің жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану жөнінде сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеу фактілері бойынша сотқа 86 әкімшілік материал жолдаған. Бұл ретте әрбір үшінші іс департаменттің кінәсімен тоқтатылған, яғни жауапқа тарту мерзімдері сақталмаған, сондай-ақ лайықсыз тұлғаларға қатысты хаттамалар толтырылған», - делінген таратылған хабарламада.

Мысалы, ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылдың шілде айында сот жеке кәсіпкер «D3D»-ны мемлекеттік сатып алу конкурсының жосықсыз қатысушысы деп тану мәселесін сотқа беру құзіретіне кірмейтін энергетика вице-министріне қатысты әкімшілік істі тоқтатты.

Басқа жағдайда қала соттары әкімшісіне қатысты тұлғаны жауапқа тарту мерзімінің ескіруіне (хаттама кемшіліктер анықталған соң үш айдан кейін толтырылды) байланысты сот өндірісі тоқтатылған.

Осыған ұқсас негіздемелер бойынша төтенше жағдайлар комитеті, «Астана ЛРТ» ЖШС, «Қазсушаруашылығы» РМК және квазимемлекеттік сектордың өзге де ұйымдарының лауазымды тұлғалары жауапкершіліктен құтылған.

«Прокуратура ұсынысын қарау қорытындысы бойынша департаменттің екі басқарушы тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, ведомство алдағы уақытта әкімшілік заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар жоспарын бекітті», - деп қосып өтті елордалық прокуратурадан. 

Соңғы жаңалықтар