Прокуратура Атыраудағы балықтардың қырылуын тексеруге кірісті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда өзендегі балықтардың қырылу себебін анықтауға табиғатты қорғау прокуратурасы кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының аумағындағы Перетаск өзенінде балықтар қырылып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желідегі жазбаларынан кейін ол жерге экологтар мен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері барған.  

«Негізінен қылышбалық пен ақтабандар қырылған. Қанша балық қырылғаны анықталып жатыр. Олардың барлығы механикалық зақымдану салдарынан өлген. Бұл өзен Атырау Жылу электр орталығына техникалық қажеттіліктер үшін су жеткізетін каналмен қосылған. Кейін су сорғылар арқылы өзенге қайтып келеді», - дейді Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ақжан Зұлхарова.

Атап өтілгендей, кінәлілерді тауып, келтірілген залалды анықтау мақсатында табиғатты қорғау прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар