Прокуратура араласқаннан кейін екі пойыздың кестесі өзгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жезқазған көлік прокуратурасы 87 мыңнан астам пойыз жолаушысының құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жаңаарқа транзиттік станциясына келген Қаражал - Қарағанды пойызының локомотиві жолаушы толы вагондарды ағытады. Оған Жолаушылар жол үсті өтетін Жезқазған - Астана - Жезқазған пойызын 3,5 сағаттан астам уақыт күтіп отыруға мәжбүр.

Балқаш - Жезқазған пойызына мінген жолаушы да Жарық стансасында дәл осылай 3,5 сағат тұратын.

Жолаушылар пойыздардың санитариялық жағдайының нашарлығына да төзіп келген. Бұдан тыс, жолаушылар рұқсат етілмеген жерден, аса қауіпті аймақта вагоннан шығып, теміржолды кесіп өтуге мәжбүр болатын.

«Бұрын «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-та осы пойыздардың графигі бірнеше рет түзетілген, бірақ орта жолда ұзақ уақыт тұрып алатыны ескерілмеген. Прокуратураның ескертпесімен пойыздардың кестесі өзгертіліп, бір пойыздың аялдау уақыты 60 минутқа, екіншісінікі 49 минутқа қысқарды», - дейді қадағалау ведомствосының өкілдері.

Тасымалдау процесіне жауапты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-тың лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапқа тартылды.

Соңғы жаңалықтар