Прокуратура 2014 жылы Алматы облысының білім беру саласында 1 млрд. теңгеге құқық бұзушылықтарды анықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2014 жылдың ішінде Алматы облысының прокуратура органдары білім беру саласында құқық бұзушылықтың 10 фактісін анықтады. Мемлекетке келтірілген зиян шамамен 1 млрд. теңгені құрады.

Білім мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мәселелері прокуратура органдарының өкілдерімен өткен дөңгелек үстел басында талқыланды.

Ең көп бұзушылықтар мемлекеттік сатып алулар, ғимараттарды салу және жөндеу саласында анықталды. Осындай бұзушылықтар анықталған мектеп директорлары қызметтерінен босатылды. Құзыретті органдардың өкілдері жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді.

«2014 жылдың өткен кезеңі бойынша прокуратура органдары білім беру саласында заңдылықтың бұзылуының көптеген факторларын анықтаған. Кінәлі тұлғалар қылмыстық, сондай-ақ тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Алматы облысы прокурорының көмекшісі Айдын Өскенбаев.

Соңғы жаңалықтар