Прокопенко: Медиацияны дәріптеу үшін ҚХА барлық қоғамдық алаңдарын жұмылдырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеяссы өзінің барлық қоғамдық алаңдарын медиация институтын насихаттауға жұмылдырады. Бұл туралы ҚХА-ның «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты республикалық семинар-тренинг кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда медиация институтының біздің қоғамда жыл санап мәртебесі артып келеді. Себебі, оның өзара кикілжіңі бар тараптарға беретін бірнеше басымдығы бар. Біріншіден, медиация арқылы адамдар көп уақытын үнемдейді. Медиативті процедура бірнеше айларға созылып кететін сот процедурасынан қарағанда адамдардың бар-жоғы бір-екі сағатын алады. Екіншіден, бұл тараптардың қаражаттарын да едәуір үнемдейтінін айта кеткім келеді. Яғни, медиаторлыққа ден қойған тараптарға адвокат жалдаудың, қымбат сараптамаларды жүргізудің, апталап қонақ үй жалдап жатудың қажеті жоқ. Үшіншіден, медиативтік келісім тараптардың достастырып, бір-біріне деген ешқандай өкпе-назды қалдырмайды. Дәл осы артықшылық түбегейлі түрде медиацияны сот шешімдерінен ерекшелендіріп тұрады», - дейді ол.
null 

Леонид Прокопенконың айтуынша, сотта жеңген және жеңілген тараптар бар. Ал медиацияда тараптардың бәрі ырза. Яғни, медиация қоғамның шиеленіссіз дамуының кепілі бола алады. ҚХА төрағасының орынбасары атап өткендей, медиация институты - қоғамдық сананың жаңғыруы жолындағы маңызды элемент. Өйткені, медицияға ден қойған адамдар өздерінің құқықтық мәдениетін паш етеді. Бұл - қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететінін айта кету керек.
null 

«Медиция саласында біз соған қатысты барлық институтпен келісімге келдік. Нақтырақ айтқанда, Жоғарғы сотпен, Адвокаттар коллегиясымен, басқа да құрылымдармен келісімдерге қол қойылған. Бірлескен жұмыстардың жарқын көрінісі ретінде 3 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірыңғай медиация күнін» өткізді. Оған 800 медиация кабинеті (Достық үйлеріндегі, Қоғамдық келісім кабинеттеріндегі) тартылып, 3 мыңға дейінгі қоғамдық медиаторларымыз жұмылдырылды. Сол күні бүкіл ел бойынша кеңес сұрап, мәселесін алға тартып 5 мыңға тарта адам келді. 150-ге тарта медиативтік келісімге қол жеткізілді. Менің ойымша, бұл айтарлықтай табысты жетіктік», - дейді Прокопенко. 

Оның айтуынша, ҚХА-ның ендігі басты миссиясы - медиация институтын насихаттау.

«Медиацияның мүмкіндіктері, мақсаты мен пайдасы туралы барлығы да білуі керек. Міне, сондықтан ҚХА өзінің барлық қоғамдық алаңдарын медиация институтын дәріптеу бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстарға арнайды», - деп түйді Прокопенко.
null 

Соңғы жаңалықтар