Прогресс М-21 ғарыш жүк кемесінің қалдықтары Тынық мұхитына батып кетті

None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – «Прогресс МС-21» жүк кемесі кеше, 18 ақпанда Халықаралық ғарыш станциясынан (ХҒС) ажырап, бірден орбитадан шығуы керек еді. Бірақ, бұл тек бір тәуліктен кейін жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғарыштық жүк көлігінің ХҒС-тан ажырауы және корпусындағы зақымданған жерін анықтау үшін кері бұрылған сәті тікелей эфирден көрсетілді.

Кейін белгілі болғандай, кеменің сыртқы бетін түсіргеннен кейін еш жері зықамданбағаны анықталды. Сондықтан, алынған ақпаратты талдау үшін «Прогресс-МС-21» кемесін орбитадан шығаруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданған.

Бүгін, 19 ақпанда «Прогресс МС-21» орбитадан шығып, атмосфераға еніп, бұзылды. «Роскосмостың» баспасөз қызметі мәлім еткендей, жанбай қалған элементтері Тынық мұхитының оңтүстігіндегі кеме жүрмейтін аймаққа құлаған.

«Прогресс МС-21» жүк көлігі Байқоңырдан 2022 жылдың 26 қазанында ұшырылып, оның құрамында 3,5 ай болды.

Ғарыштық жүк көлігінің миссиясы аяқталғаннан кейін ХҒС ресейлік сегменті «Іздеу» модулінің қондыру торабы босады және «Союз МС-23» кемесін күтеді.


Соңғы жаңалықтар