Профессор Уяма Томохико қазақ және жапон тілдерінің ұқсастығына мысал келтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайындағы «Түркі кітапханасында» жапон профессоры Уяма Томохико Орталық Азия елдері мен Жапонияның тарихы және бүгінгі қарым-қатынасы туралы дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Профессорды жиналған қауымға Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі таныстырды.

Профессор дәріс басында жапон тілінің пайда болуының - Алтай факторына ден қойды. Оның айтуынша, жапон тілінің қайдан пайда болғаны күні бүгінге дейін белгісіз. Бірақ, ғалымдардың пайымдауынша, күншығыс елінің тілі ең алдымен Азияның солтүстік-шығыс аймағындағы тілдер (сөзсіз, тұнғұс, шире, алтай) және Тынық мұхиты мен Азияның оңтүстік-шығысындағы австронезиялық тілдердің араласуынан пайда болған.

«Жапон тілі мен түркі тілдеріндгі сөйлемдердің орналасу тәртібінде айырмашылық жоқ. Десе де, лексикалық тұрғыда ұқсастықтары аз. Біздің кейбір лингвистер жапон тілінің тарихын алтай тілдерімен байланыстырғысы келмейді. Бірақ, мына ұқсастыққа қараңыз: қазақша «Жер сілкінісі болған кезде оның ағасы үйде кітап оқып отырды» деген сөз жапонша «Jishin-ga okita toki, kareno ani-wa ie-de hon-o yonde ita» деп аударылады. Яғни, бұл ретте «Jishin-ga okita» сөзі «Жер сілкінісі болған кезде» деп аударылса, «toki, kareno» - «оның ағасы» деп тәржіманалып, осы рет бойынша сөйлемдегі сөздер тура рет бойынша аударылады», - дейді профессор.

Осыдан кейін Уяма Томохико бертінгі Жапония тарихына ойысты. Айтуынша, 1868 жылы Жапонияда Токугава Сегунаты құлайды да, сол тұстағы әйгілі Мейдзи үкіметі заманға сай әрі қуатты Жапонияның іргесін қалауға кіріседі. Дәл осы Мейдзи кезеңінде жапондықтар өзінің айналасындағы мемлекеттердің тыныс-тіршілігіне мән бере бастаған.

«1880 жылы жапон дипломаты Токудзиро Ниси, кейін 1886 жылы полковник Ясумаса Фукусима Орталық Азия (1880 жылы) елдерін аралаған. Өз кезегінде сібір татары Әбдірашит Ибрагимов 1909 жылы Жапонияға жолы түсіп, кейін оның ізінше Ғабдолғазиз Мұсағалиев пен Әліби Жангелдиндер Жапонияға аз уақытқа келіп кеткен. Бірақ, ол сапарлар туралы нақты бір мәліметтер жоқ», - дейді профессор.

Уяма Томохико дәрісін жалғастыра келе орыс-жапон соғысы кезінде қазақтар арасында жапондардың мұсылман ел екені туралы аңыз тарап кеткенін айтады. Алаш арысы Міржақып Дулатұлының да осы оқиғаны шығармашылығымен байланыстырғаны белгілі. Сол секілді Мұхтар Әуезов те Жапонияның артта қалған елден алпауыт елге айналғанын жазып кеткен.

«Жапония бұдан кейін отралаушы ел ретінде шекарасын кеңейте бастайды. Жапонияда сол тұста Азия халықтарының бірігуін қолдаған саясаткерлер де, пантұрандықты қолдаған саясаткерлер де болды. Қытайдағы мұсылман елдерімен байланыс орнатуға барын салды. Бірақ, Кеңес одағы тұрған кезде мұсылман елдермен байланысу өте қиынға соғып еді. Кейбір дипломаттар Мұстафа Шоқаймен де ақылдасып көрген. Мұстафа Шоқай жапон саясаткерлерімен әңгіме барысында Жапонияның панисламизмге араласудағы қаупі туралы ескерткен. Себебі, ол кезде Түркия мен Иран мемлекеттерінің мүддесі панисламдық идеологиямен сәйкес келе бермейтін тәуелсіз мемлекеттер болатын. Жалпы, Әбдірашит Ибрагимовтың жапон арасындағы достары айтарлықтай авантюраға бейім болатын. Менің ойымша, Мұстафа Шоқай осы қауіпті сезген секілді», - дейді ол.
null  

Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін 1945-1952 жылдары Жапония америкалық армияның оккупациясында болды. Тіпті осыдан кейін АҚШ-тың ықпалынан шыға алмағаны да шындық. Жапон профессорының айтуына қарағанда, Азия құрлығына келгенде Жапония барынша дипломатиялық саясатты ұстануды жөн көрген.

«АҚШ коммунизмнің іргесін сетінетуді мақсат тұтты. Ал Жапония саяси жүйеге қарамастан, азиялық елдермен жақсы қарым-қатынаста болғысы келді. Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстағы агрессиясы дипломатиясына едәуір кері әсер еткенімен, Жапония «Фукуда доктринасын» қабылдады. Осылайша, 1977 жылға қарай Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен қарым-қатынастарын реттеуге қол жеткізді», - дейді профессор.

КСРО мен Жапония арасында салқындыққа қарамастан, мәдени байланыстар үзілген емес. Орталық Азия республикаларынан арнайы өкілдердің Хиросимаға баруы - осыған дәлел бола алады.

«КСРО-дағы қайта құру кезеңінде Жапониядағы азаматтық қоғам мен академиялық орталарда Арал теңізі мен Семей полигонының мәселелеріне, ұлттық мәселелерге, Орталық Азияның тарихына деген қызығушылықтары арта бастады. КСРО тарағаннан кейін 1993 жылы Жапония Орталық Азия елдерінде елшіліктерін ашты. Энергия ресурстарға байланысты экономикалық мүдделер осы аймақтағы жапон саясатының басты бағытына айналғаны анық», - дейді Уяма Томохико.

nullnull

Соңғы жаңалықтар