Проблемалық несиелер қорының қызметкері 20 млн теңгенің мүлкін ұрлады деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігінің «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының міндетін атқарушы аса ірі мөлшердегі мүлікті ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілінген ҚР Қаржы министрлігінің «Проблемалық несиелер қоры» АҚ-ның қарыздарды өндіріп алу департаменті директорының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысында орналасқан кепілдік элеваторды төлеп алу кезінде ЖШС басшысы мен құрылтайшысының сенімін теріс пайдалану мен алдау арқылы аса ірі мөлшерде, яғни 20 млн теңгенің мүлкін ұрлады деп айыпталып отыр» делінген хабарламада.

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Күдіктінің кінәсіне қатысты шешімді сот қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар