Пришахтинскіде шалғай аймақ тұрғындарына сапалы медқызмет көрсетілетін болады – ҚР Президенті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пришахтинскідегі жаңа емханада облыс орталығынан шалғай ауданда тұратын балалар мен әйелдерге сапалы медициналық көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Twitter-дегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазды.

«Қарағандыға сапарым барысында «Сарыарқа» АЭА индустриялық және логистикалық нысандарын араладым. Пришахтинскідегі жаңа емханаға бардым. Енді бұл жерде облыс орталығынан шалғай ауданда тұратын балалар мен әйелдерге сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады»,-деп жазды Президент. Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барғандығын хабарладық.

Мемлекет басшысы онда «Сарыарқа» АЭА-да бірқатар нысанды аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар