Приозерск прокуроры парамен ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Прокуратура қызметкерлері пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысы Приозерск қаласының прокуроры Е.Б Тұрысбеков және Приозерск гарнизонының әскери прокуратурасының аға прокуроры А.У. Раджапов 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі қолма-қол ақша түріндегі параны алып жатқанда ұсталды», - делінген хабарламада.

Ақша азамат С.-дан қылмыстық істі тоқтату үшін бопсаланған.

Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Тергеуге әсер етпеуі үшін басқа ақпарат құпия күйінде қалып отыр.

Соңғы жаңалықтар