+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Прима-балерина: Сезімдерімді жеткізуге мүмкіндік беретін драмалық рөлдерді ойнағым кеп тұрады

2020 жылғы 23 мамыр 16:44
Бөлісіңіз:
Прима-балерина: Сезімдерімді жеткізуге мүмкіндік беретін драмалық рөлдерді ойнағым кеп тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Астана Опера» опера және балет театры үшін басты жаңалық - композитор Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығына орай қойылатын «Бетховен - Мәңгілік - Махаббат» балетінің әлемдік премьерасы. Балетті неміс хореографы Раймондо Ребек қойған. Аталған театрдың прима-балеринасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махаббат абстрактілі рөлінде ойнаған Әйгерім Бекетаева ҚазАқпарат тілшісіне балетті қою барысындағы қиындықтар мен өз партиясын қалай билеп шыққаны туралы айтты.

«Бұл - әлемдік премьера. Біз Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдық мерейтойын бірінші болып атап өткендердің қатарындамыз. Балет қоюшы Раймондо Ребекпен бұрын да жұмыс істегенбіз. Онымен жұмыс істеген маған ұнайды, әрі қызықты, себебі оның жұмыс тәжірибесі мол және балетке деген өзіндік көзқарасы бар. Бұл - біздің туындымыз. Бұл спектакль әлемдегі ешбір театрда қойылған жоқ. Бұл балет бізге арнап қойылған. Айтарлықтай көп жұмыс атқарылды. Мысалы, бүгін екі минуттық дуэт қойсақ, ертең келген кезде ол бәрін өзгерте салуы мүмкін. Біз артист ретінде қойылымға өз үлесімізді қостық. Раймонда хореографияны өте жақсы ойластырған. Бұл балетте ол негізгі төрт образ жасады және төртеуі де күрделі болды. Бастапқыда оның не қалайтынын, не ойлағаны бар екенін білмедік. Бұл қойылымда маған бәрі ұнады. Раймондо Ребектің өзіне ғана тән ерекшелігі бар», - дейді Әйгерім Бекетаева.


Балеринаның айтуынша, балеттің ерекшелігі мен қиындығы - оркестр, хор, балет - бәрі бірге қатысуында.

«Мен абстрактілі рөлде ойнадым. Менің кейіпкерім - Махаббат болды. Бастапқыда өз партиямды қалай орындайтынымды білмедім. Махаббатты жеткізу - қиын. Ерекше сезімді жүрегімнен өткізуім керек болды. Өз тәжірибеме сүйеніп, махаббаты қалай түсінетінімді, оған деген қарым-қатынасым қандай екенін көрсетуім керек деп шештім. Мен басқа балеттердегі махаббат күші жетелейтін барлық кейіпкерлерімді жинақтау арқылы өз көзқарасымды білдіргім келді. Менің сахнадағы серігім - Бетховен рөліндегі Бақтияр Адамжан болды. Онымен билеу ыңғайлы әрі жайлы. Оның кейіпкері маған махаббаттың не екенін түсінуге және қабылдауға көмектесті», - дейді прима-балерина.

Әйгерім Бекетаева әлемдік премьераға екі ай дайындалғанын айтты.

«Шынайы өмірде Бетховен махаббатты таңдағанда, Бетховен Бетховен болмас еді. Ондай жағдайда қазір біз білетін шедеврлерді дүниеге әкелмес еді», - дейді ол.


Балеттің негізгі оқиғасы Бетховеннің балалық шағынан басталады. Оның әкесі өте қатал адам болған. Ол Бетховеннің шығармаларын қабылдамаған және тыңдағысы келмеген. Ол баласына ұрсып, өзге композиторлардың шығармаларын орындауға мәжбүр еткен. Осы спектакльде Моцарт пен Гайдн - оның ұстазы, жолбастаушысы ретінде ойнайды. Бетховен оларға өкпелеп, балға кетіп, сол жақта өзінің Махаббатын кездестіреді.

«Махаббатын жолықтырған Бетховен «Ай сонатасын» шығарған. Ол қоғам оның дертін қалай қабылдайтынын уайымдап, қоғамнан оқшаулана бастаған. Ол саңырау күйінде «9-симфонияны» жазған. Осы күйінде дирижер болған және көрерменнің қол шапалақтауын да естімеген. Бұл балеттің драматургиясы Дерт партиясында анық байқалады. Ештеңе естімеу - өте қиын. Бақтияр Адамжан осының бәрін жақсы түсінді және образын жақсы сомдай білді. Қойылымға дайындық барысында Рамондо Ребек артистерге өз бетімен образ сомдауға мүмкіндік берді. Кез келген артист үшін бұл - үлкен артықшылық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып образды қалай түсінетініңді көрсетуге болады», - дейді ол.

Әйгерім Бекетаева «Астана Опера» опера және балет театрының барлық репертуарында өнер көрсетеді. Ол сомдайтын әр кейіпкердің өз ерекшелігі бар. Ол «Аққу көлі» балеті партиясын жақсы көреді. Аққу бейнесі - оның жанына жақын образ.

«Мен осы жерге жұмысқа орналасқан кезде маған бірден Аққу рөлі бұйырды. Ол кезде қандай сезімде болғанымды жеткізу мүмкін емес. Сол кезден бастап жаңа партияларды билегім келіп, өнерге деген құмарлығым оянды. Алғаш ойнаған Аққу рөлі мен қазір сомдайтын Аққу рөлі екі түрлі. Уақыт өткен сайын техникалық тұрғыда қиындап, жаңа реңк пайда болды. Маған жылауға да, күлуге де болатын, сезімдерімді жеткізе алатын драмалық рөлдерді ойнаған ұнайды», - дейді ол.


Ол карантин кезінде репетиция қалай өтетінін айтты.

«Біздің денеміз - күтімді қажет ететін аспап. Карантиннің мен үшін пайдасы да болды деп айта аламын. Барлық видеомұрағатпен жұмыс істеп, кітап оқып, фильм көруге уақыт табылды. Күнделікті таңертең еденде жаттығу жасап, Zoom бағдарламасы арқылы ұжыммен бірге классикалық сабақ өттік. Өкінішке қарай, карантин жағдайына байланысты жолдан қалып қойдым. Өнер көрсету үшін Жапонияға баруым керек еді. Осы күнді көп күткен едім. Сондай-ақ, «Дон Кихот» балетінде менің премьерам болуы керек еді», - дейді ол.


Ол балерина болу үшін қандай қабілеттер керек екенін айтты.

«Мен өнерге жанымды, барымды саламын. Көрерменнің қойылымнан үлкен әсермен қайтқанын қалаймын. Көрерменнің қандай күйде отырғанын көру, олармен эмоция алмастыру маған ұнайды. Біздің саланың ерекшелігі: еңбексүйгіштік - біздің ажырамас бір бөлігіміз», - дейді прима балерина.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT