+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Президенттің жастар кадр резервінің өкілі лауазымды қызметке тағайындалды

2020 жылғы 23 қаңтар 13:21
Бөлісіңіз:
Президенттің жастар кадр резервінің өкілі лауазымды қызметке тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарт – Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар Болат Төкежанов Медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды

Ардақ Өтепов бұған дейін «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Өтепов Ардақ Төлтайұлы 1984 жылы Целиноград (Нұр-Сұлтан) қаласында дүниеге келген. Туған қаласында Басқару институтын, Алматыдағы Азаматтық авиация академиясын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және АҚШ-тың Калифиорния университетін тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 2007 жылы Азаматтық авиация комитетінің ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау басқармасының авиациялық қауіпсіздік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2010-2011 жылдары басқарма сарапшысы, сосын 2014 жылға дейін халықаралық қатынастар басқармасының бастығы болды. 2014-2018 жылдары «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау және сапа департаментінің ғылыми-техникалық ақпарат бөліміне басшылық етті. 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазаэронавигация» РМК стратегиялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT