Президенттің жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүріп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Президенттік жастар кадр резервіне екінші рет іріктеу жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша 50 адам іріктеліп алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімін іс жүзінде қолданып, ел үшін жұмсауға мүмкіндік береді.

Резервке алынғандар саяси қызметке, «А» корпусының әкімшілік қызметіне, «Б» корпусының басшылық қызметтеріне және «Б» корпусының А деңгейіндегі қызметтерге тағайындала алады.

Резервке алыну үшін үміткерлер бірнеше кезеңнен өтеді, соның ішінде:

- үміткерлердің құжаттарын қабылдау

- күрделі сандық және мәтіндік ақпаратттармен жұмыс істеу қабілетіне баға беру

- ситуациялық тапсырманы шешу;

- құзыретіне баға беру;

- Сараптама комиссиясында әңгімелесуден өту;

- ҚР Президенті жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия отырысы.

Көптеген кезеңдер онлайн режимде өтеді.

Құжат қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында жүріп жатыр.

Президенттік резервте 3 жыл тұрады.

Президенттік резервке іліккендер міндетті түрде қызметке тағайындалады деген шарт жоқ.

Конкурстың ережелері мен талаптары pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланған.

1 қыркүйекте іріктеуге қатысуға 281 азамат өтініш берген, солардың арасында шетелде тұрып жатқан отандастарымыз да бар.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүреді.


Соңғы жаңалықтар